Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова мен Silk Way Star халықаралық музыкалық жобасының қатысушысы, қытайлық әнші Чжан Хэ Сунань Чунциндегі V медиа-инновациялар форумында Silk Way Star әнұранын таныстырды.
Форум қатысушыларының ыстық ықыласына бөленген әнді қазақстандық композитор Хамит Шаңғалиев жазған. Silk Way Star әнұранының орындалуы форумның мәдени бағдарламасындағы жарқын сәттердің біріне айналды. Әрі Қазақстанның Ұлы Жібек жолы кеңістігіндегі халықаралық гуманитарлық және медиа ынтымақтастықты дамытудағы маңызды ролін айқындай түсті. Еске салсақ, Silk Way Star жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен қытайлық China Media Group медиа-корпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды. Байқаудың Гранд финалы алғаш рет 2025 жылы Астанада өткізіліп, тікелей эфирде бірден алты тілде көрсетілді.
Тегтер #Қытай #Қазақстан #Silk Way Star #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz