RU
Толық нұсқаға өту

Эбола безгегінен қаза тапқан адам саны 149-ға жетті

14.06.2026, 09:15 59

Конго Демократиялық Республикасында Эболадан көз жұмғандар саны 149 адамға жетті.

 Тағы 710 тұрғын аталған індетті жұқтырған. Қаралы хабарды "Файненшл Таймс" басылымы жеткізді. Сарапшылар Эбола ғаламдық денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болуы мүмкін деп ескерткен. Олардың айтуынша, медицина саласын халықаралық деңгейде қаржыландырудың қысқаруы мен аурудың таралуына қарсы тұру тетіктерінің әлсіреуі жұқпалы індеттермен күрес ісін тығырыққа тіреп отыр. Құрбандар мен жұқтырғандар саны ресми деректен көп болуы мүмкін. Өйткені дәрігерге хабарласуға мүмкіндік жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz