АҚШ әскері теңіздегі тосқауыл операциясын бастағалы Иранға қатысы бар 141 сауда кемесін ұстады.
Бұл туралы Құрама Штаттардың Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы хабарлады. Ұсталған кеменің 9-ы талапты бұзды деген себеппен жойылған. Вашингтон Иран айлақтары мен Парсы және Оман шығанақтарының жағасына беттеген барлық елдің кемесін тексеріп, қажет деп тапса, ұстайды. Дональд Трамп бүгін Иранмен арадағы келісімге қол қойылса, Ормуз бұғазын ашуға уәде беріп жатыр. Тегеран да АҚШ-пен келісімге келуі мүмкін екенін айтып, бірақ нақты кесімді мерзімді атамай отыр. СNN телеарнасының хабарлауынша, Қатар Иран астанасына екіжақты келісімді аяқтау мақсатында арнайы делегация жіберген.
Тегтер #АҚШ #Иран #кемеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz