Осы аралықта Иранның 4 ірі мемлекеттік банкіне кибершабуыл жасалды. Бұл туралы "Рейтер" агенттігі парсы елінің Банк саласын үйлестіру комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Кибершабуыл салдарынан қаржы ұйымдарының жүйесі істен шықты. Ұялы және онлайн банкинг, банкоматтар, терминалдар мен кейбір карта қызметтері жұмыс істемей тұр. Банктер төтенше жағдай туындаған сәтте клиенттерінің деректері мен инфрақұрылымын қорғау үшін шұғыл сақтық шараларын қабылдап үлгерген. Құзырлы орган ешкімнің жеке дерегі ұрланған жоқ деп мәлімдеді. Қазір бұзылған жүйені қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Әзірге кибершабуылдың қай тұстан, кімдер жасағаны белгісіз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz