Америкалықтар өз еркімен АҚШ-тан кетіп жатыр. Кейінгі бір жылда 400 мың азамат шетел асқан. Бұл туралы "Рейтер" агенттігі хабарлады.
"Брукингс институтының" мамандары "Бұл кейінгі жарты ғасырдағы ең жоғарғы көрсеткіш" деп бағалаған. Елден кетуге басты себептер: өмір сүру құнының өсуі, қылмыстың көбеюі, медициналық қызметке көп ақша жұмсау және биліктің ішкі саясатына сенімсіздік. Сарапшылардың есебінше, қазір 5 миллионнан астам АҚШ азаматы сыртта жүр. Олар көбіне өмір сүруге қолайлы ел ретінде Канада, Еуропа және Мексиканы таңдаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #мигранттарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz