80 жасқа толған Трамп Ақ үйді октагонға айналдырды. АҚШ- тың қарт президенті Дональд Трамп 80 жасқа толуына және ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай Ақ үйде аралас жекпе-жектен жарыс ұйымдастырды, деп хабарлайды «24KZ».
Reuters агенттігінің мәліметінше, UFC Freedom 250 турниріне 60 млн доллардан астам қаржы жұмсалып, октагондағы шоуды туған күн иесіне жақын адамдар мен қалталылар тамашалаған.
АҚШ-тың қарт президенттері туған күнін Ақ үйде тойлау дәстірге айналып келеді. Бұған дейін Байден де Ақ үйде туған күнін атап өткен еді.
Ел басқарған басқа саясаткерлерге қарағанда, Трамп туған күнін ерекше үлкен ауқымда атап өтті: Ақ үйде аралас жекпе-жектен UFC Freedom 250 турнирі ұйымдастырылды.

Қалталылар жиналған шоудың көздегені белгілі болды, дейді сарапшылар.
Турнирдің басты VIP қонақтары мен ірі демеушілері Ақ үйдегі шоуға қатысу үшін Дональд Трамптың сайлауалды қорына 1 млн доллар көлемінде қайырымдылық жарнасын құйған. Бұл сома ресми билет бағасы ғана емес, Трамптың гольф-клубында өткен арнайы фандрайзинг кешке кіру құны болды. Дәл осы демеушілер Ақ үйде тігілген октагон жанына жайғасты.

Ақ үй ішіндегі шоуды Трамп отбасы, саясаткерлер мен VIP демеушілерден құралған 4 мыңға жуық адам тікелей тамашалады. Ал мыңдаған қарапайым жанкүйер оны сырттағы Эллипс саябағына орнатылған алып экрандар арқылы бақылады.
Вашингтондағы шоу UFC турнирінде 7 кәсіби жекпе-жек өтті. Басты кездесуде жеңіл салмақ чемпионы Илья Топурия мен уақытша чемпион Джастин Гэтжи белбеулерді біріктіру үшін жұдырықтасты. Бар болғаны бір раундқа созылған жекпе-жек Топурияның жеңісімен аяқталды.
Тағы бір маңызды кездесуде Алекс Перейра ауыр салмақта Сирил Ганға қарсы шығып, UFC тарихындағы тұңғыш үш дивизионның чемпионы атануға таласты. Жекпе-жекте француз файтері Ган күтпеген жерден жеңіске жетті. Ал Алекстің үш салмақта чемпион болу арманы орылдалмай қалды.

Танымал файтер Шон О’Мэлли екінші раундта Айманн Захабиді таза нокаутпен жеңді.
Қарт президенттің шоу туған күні саяси сынға ұшырады.
Ақ үйдегі файтерлер шоуы Құрама Штаттарда үлкен саяси талқылау тудырды. Саяси бәсекелестері Трампты президент резиденциясын жеке мақсаттағы «цирк» шоуына айналдырды деп айыптады. Дегенмен Ақ үй өкілдері осы шараны «Американың жауынгерлік рухын ұлықтау» деп сипаттады. отыр.
Тегтер #Трамп #80 жас #UFC турнир #24жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz