Израиль Ливаннан әскерін шығармайды.
Мұны осы елдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ-тың Иранмен арадағы бейбіт келісімді құптамайтынын жеткізді. Ал Премьер-министр Биньямин Нетаньяху "Израиль Ливаннан ғана емес, Газа секторы мен Сириядан да кетпейді. Басты мақсат - ел іргесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл үшін "Хезболла" секілді қозғалыс мүшелерінің көзін жою қажет", дейді. Тель-Авив билігінің бұл ұстанымын АҚШ жақсы біледі. Сондай-ақ Иран Ливандағы ахуалға байланысты Израильге шабуыл жасағысы келсе, қарап қалмайтынын, жойқын күшпен соққы беретінін ескертті.
Тегтер #Израиль #Ливан #әскер #Иранмен соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz