Әлемдік мұнай саласын қайта ерттеу үшін айлар, тіпті жылдар қажет. АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы осылай деп хабарлайды.
Сарапшылар Парсы шығанағындағы мұнай өндірісі алдағы үш айда соғысқа дейінгі деңгейдің 70 пайызына, алты айда 90 пайызына жетуі мүмкін деп отыр. Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы келісімнен кейін әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді. Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұғаз жұма күні ашылатынын мәлімдеді. Енді мемлекеттер стратегиялық қорларын қайта толықтыруға кіріседі. Алайда сарапшылар әлемдік мұнай нарығында дағдарыс салдары әлі бірнеше жыл бойы сезілуі мүмкін екенін айтады.
Тегтер #сарапшы #мұнай #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz