Израиль Газа секторындағы бірнеше мекен мен Нусейрат босқындар лагерін бомбалап, 4 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Әскерилердің мәлімдеуінше, соққы «ХАМАС» бекінген нысандарға жасалып, қозғалыстың 2 сарбазының көзі жойылған. Тель-Авив олар шабуылдарды дайындауға атсалысқан дейді. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Қазір Газа секторының тағдырына байланысты Каирде келіссөздердің жаңа кезеңі өткелі жатыр. Оған Мысыр, Қатар мен Түркиядан өкілдер қатысады. Олар атысты тоқтату туралы АҚШ ұсынған келісімнің нақты іске асуын қамтасыз етуге әрекет үстінде. Қазіргі ең даулы мәселе «ХАМАС»-ты қарусыздандыру болып тұр.
Тегтер #Израиль #Газа #босқындар #лагерьPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz