RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда 6,7 балдық жер сілкінісі болды

16.06.2026, 20:50 30

Индонезияда магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі болды. Алғашқы дүмпуден кейін бірнеше күшті афтершок қайталанған.

Зілзала ошағы Орталық Сулавеси провинциясының әкімшілік орталығы Палу қаласынан 40 шақырымдай жерде тіркелді. Шаһарда шамамен 400 мың адам тұрады. Табиғи апаттан қалада бірқатар ғимарат бүлінген. Оған жақын Сиги округінде әкімдік ғимаратының шатыры құлап, жергілікті университеттің ғимаратына зақымданған. Билік тұрғындарға қайталама дүмпулер бірнеше сағатқа созылуы мүмкін екенін ескертіп, сақ болуға шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz