RU
Толық нұсқаға өту

Кейт Бланшетт Оксфорд университетінің профессоры атанды

17.06.2026, 12:33 81

Голливуд жұлдызы, «Оскар» сыйлығының екі дүркін иегері Кейт Бланшетт әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінің профессоры атанды, деп хабарлайды «24KZ» CNN –ге сілтеме жасап.

Актриса жаңа оқу жылынан бастап студенттерге заманауи театр өнерінің қыр-сырын үйретеді. 57 жастағы актриса 2026-2027 оқу жылы бойы Оксфорд университетіне қарасты Әулие Екатерина колледжінде (St Catherine's College) заманауи театр бағыты бойынша Кэмерон Макинтош атындағы профессор лауазымын атқарады.

Жаңа қызметі туралы пікір білдірген актриса бұл мүмкіндікке ерекше толқып, қуанып отырғанын жеткізді.

Оксфорд студенттерімен және университет қауымдастығымен шығармашылық байланыс орнату - мен үшін үлкен мәртебе әрі шабыт көзі, - деді Кейт Бланшетт.

 

Бұл профессорлық лауазымды ашқан белгілі театр продюсері және театр иесі сэр Кэмерон Макинтош. Оның айтуынша, Бланшетттің кино, театр және теледидар саласындағы продюсер әрі актер ретіндегі орасан зор тәжірибесі жас таланттар үшін теңдессіз мектеп болмақ.

 

Айта кетейік, бұл құрметті лауазымды бұған дейін де Стивен Спилберг, Артур Миллер, Майкл Фрейн сияқты әлемдік деңгейдегі өнер майталмандары иеленген болатын. Жаңа маусымда Бланшетт осы дәстүрді лайықты жалғастырмақ.

 

Кейт Бланшетт - заманауи кинематограф пен театрдың ең ықпалды тұлғаларының бірі.

Ол көрерменге  «Жасмин», «Оушеннің 8 құрбысы», «Кэрол», «Даулы күнделік» және «Тар» сияқты күрделі психологиялық туындылары арқылы жақсы таныс.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz