Ормуз бұғазына бұдан былай Иран ғана әмірін жүргізеді. Соғысқа дейінгідей еркіндік жоқ. Парсы елінің парламент спикері, бас келіссөзші Мұхаммед Багер Қалибаф осыны ескертті.
Оның айтуынша: «Бұл – Тегеран халықаралық құқықты немесе кеме қатынасының белгіленген ережелерін елемейді дегенді білдірмейді, керісінше халықаралық құқық толықтай сақталады».
Мұхаммед Багер Қалибаф, Иран Парламентінің спикері, бас келіссөзші:
- Өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес, Иранға 300 миллиард доллар инвестиция бөлінеді, оның бір бөлігі қайта құруға жұмсалады.
Исмаил Багаи, Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Иран-АҚШ өзара түсіністік туралы меморандум ресми түрде бекітілді, оған екі тарап та қол қойды. Құжат 2 тілде: парсы және ағылшын тілдерінде әзірленді, мағынасы бірдей. Енді 60 күн бойы АҚШ аймақтағы әскери белсенділігін арттырмауы немесе жаңа санкциялар енгізбеуі керек. Иранның қорғаныс қабілеті ешқандай процесте немесе ешқандай ақпарат құралында ашық талқыланбайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ормуз бұғазы #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz