Финляндия ядролық қаруды тасымалдауға және сақтауға бағытталған тыйымды алып тастады. Ел Парламенті осындай шешім қабылдады.
Бастаманы 125 депутат қолдап, 61-і қарсы шықты. Бұл шектеу 40 жыл бойы күшінде болған. Билік мұндай шешім мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейту және НАТО аясында қауіпсіздікті арттыру үшін қажет дейді. Бұдан былай Финляндия аумағында әскери альянс бойынша одақтастарының, оның ішінде АҚШ пен Францияның ядролық қаруларын орналастыруға заң жүзінде рұқсат. Бірақ оны елде әзірлеуге, өндіруге және иеленуге болмайды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Финляндия #ядролық қаруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz