БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстандағы гуманитарлық бастамаларды үйлестіріп, елдегі саяси диалогты қолдайтын қарар қабылдап, «Талибаннан» әйелдер мен қыздарға қатысты шектеулерді алып тастауды талап етті. Сонымен қатар елдегі терроризм қаупіне қарсы күресті күшейтуге шақырды, деп хабарлайды «24KZ».
apnews.com, мәліметінше, құжат Герат қаласында киім кию талаптарын бұзды деген күдікпен ондаған әйелдің ұсталғаны туралы ақпараттан кейін қабылданды.
Құжатта адам құқықтарын сақтау, әсіресе әйелдердің құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударылған.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ауғанстан бойынша:
әйелдердің білім алуына, жұмыс істеуіне және қоғамдық өмірге қатысуына қойылған тыйымдарды жоюды;
адам құқықтарын сақтауды;
террористік ұйымдардың әрекетіне жол бермеуді талап етіп отыр.
Қарарда гуманитарлық көмекті жалғастырумен қатар, жынысына, дініне немесе этникалық тегіне қарамастан барлық азаматтардың қатысуына негізделген басқару жүйесін дамыту қажеттігі көрсетілген. Сондай-ақ әйелдердің, жастардың, этникалық азшылықтардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық өмірге белсенді араласуының маңыздылығы атап өтілген.
2021 жылы билікке қайта келген «Талибан» қозғалысы әйелдер мен қыздарға қатысты бірқатар қатаң шектеу енгізген. Олардың қатарында орта және жоғары білім алуға тыйым салу, сондай-ақ еңбек қызметіне қойылған шектеулер бар.
Тәліптер қабылдаған жаңа ережелер де халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын күшейтті.
Атап айтқанда,
құжаттардың бірінде қыз баланың үнсіздігі некеге келісім ретінде қарастырылатыны көрсетілген. Сонымен қатар әйелдердің қоғамдық іс-шараларға қатысуына қатысты қосымша шектеулер енгізілген.
АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Дженнифер Лочетта Ауғанстандағы саяси үдерістің болашағы биліктің нақты әрекеттеріне байланысты екенін айтты.
Тегтер #БҰҰ #Ауғаныстан #жаңа талап #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz