RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Иран келісімінің мәтіні жарияланды

18.06.2026, 19:39 49

Axios басылымы АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның мәтінін жариялады.

Құжатқа сәйкес, тараптар алдағы 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келуі тиіс. Осы уақыт аралығында Тегеран Ормуз бұғазын ашып, Вашингтон теңіз блокадасын тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар екі ел бір-бірінің егемендігін құрметтеп, ішкі істеріне араласпауға уағдаласқан. Меморандум Иранның ядролық қарудан бас тартуын және санкцияларды толық жою мәселесін де қамтиды. Сондай-ақ Иранды қалпына келтіру және экономикасын жандандыру жоспарын әзірлеу қарастырылған. Ал түпкілікті келісімді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекітеді деп жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz