RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ одақтастарына міндет жүктеді

19.06.2026, 07:45 47

НАТО-ны тарихи өзгеріс күтіп тұр. Бұл туралы альянстың бас хатшысы Марк Рютте Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, АҚШ Еуропадағы әскерін азайтады, есесіне одақтастарына көбірек міндет жүктейді. Бұған дейін Вашингтон мұндағы НАТО қажеттілігі үшін бөлінген авиация мен әскери кемелер санын шектейтінін хабарлаған еді. Осы өзгерісті күткен Еуропа елдері мен Канада былтыр қорғаныс шығындарын 139 миллиард долларға ұлғайтты. Альянс бұл қаржыға әскерін жасақтайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz