Ингушетияда жоғалып кеткен 8 жастағы Хизирді іздеу жұмыстары бесінші тәулікке жалғасуда. Әлеуметтік желіде суға батып бара жатқан досын құтқармақ болған кішкентай батырды іздеуге бүкіл Кавказ жұртының бірігіп жатқанын көрсететін бейнежазбалар жарияланып жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
starhit.ru мәліметінше 15 маусым күні сағат 13:00 шамасында Ингушетияның Қарабұлақ қаласында 8 жастағы Хазир есімді баланың жоғалғаны туралы ақпарат тарады. Содан бері баланы іздеуге шыққан еріктілер бір сәтке де тоқтаған жоқ.
Қайғылы жағдайдың себебі, Хизир өзенге суға кетіп бара жатқан досы Адамды құтқару үшін секірген. Адам ағаш тамырларына жармасып аман қалғанымен, Хизирді қатты ағыс алып кеткен. Оқиға орнында болған үшінші бала көмек шақыруға жүгірген. Кейін Адамды жағаға шығарып алғанымен, оның құтқарушысы сол кезде көзден ғайып болған.
Қазір іздеу жұмыстарының бесінші күні өтіп жатыр. Кішкентай батырды іздеуге Ингушетия тұрғындарымен қатар Солтүстік Кавказдың өзге өңірлерінен келген мыңдаған ерікті жұмылдырылды. Олар өзен жағалауы мен маңайдағы аумақтарды тәулік бойы тексеріп жатыр.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, іздеу жұмыстары тоқтаған жоқ. Алайда ауа райы жағдайы іздеуді қиындатып отыр: толассыз жауған жаңбыр салдарынан су деңгейі көтеріліп, ағыс бұрынғыдан да қатты әрі қауіпті бола түскен.
Әлеуметтік желі қолданушылары Хизирдің аман табылуына тілектестік білдіріп, оның отбасы үшін дұға жасауда.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Ингушетия #Хизир #іздеу жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz