Ұлыбританияда жатыр мойны обырынан болатын өлім-жітім деңгейі нөлге дейін төмендеді. Бұл туралы The Lancet ғылыми журналы жазды.
Зерттеуде мамандар жетістікті папиллома вирусына қарсы вакциналаудың жемісі деп атаған. Өйткені екпе 2008-ші жылы 12 мен 18 жас аралығындағы қыз балаларға алғаш рет салынған. Мамандар "қазір вакцина 20-24 жастағы әйелдерде жақсы нәтиже көрсетіп отыр", - дейді. Осы уақыт ішінде 200-ге жуық қатерлі дерттің алдын алған. Ал бұл жоба енгізілгенге дейін Англияда жыл сайын орта есеппен 20 адам жатыр мойнының қатерлі ісігінен көз жұматын.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлыбритания #нөсер жауынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz