Австралияда көмірқышқыл газын өңдейтін әлемдегі алғашқы зауыт жұмысын бастады.
Кәсіпорын ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оны құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізатқа айналдырады. Мамандардың айтуынша, алынған өнім бетон, шыны және қағаз өндірісінде пайдаланылмақ. Осылайша зиянды қалдықтарды жер астына көму емес, қайта өңдеу тәсілі қолданылмақ. Жаңа зауыт жылына шамамен 2,5 мың тонна көмірқышқыл газын залалсыздандыра алады. Австралия билігі 2035 жылға қарай зиянды шығарындылар көлемін екі есеге жуық қысқартуды жоспарлап отыр.
Тегтер #Австралия #көмірқышқыл газы #зауыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz