RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында ішек инфекциясы жиі тарала бастады

20.06.2026, 10:30 45

Газа секторында ішек инфекцияларының таралуы күшейіп келеді.

 БҰҰ мәліметінше, жедел диарея өңірде ең жиі тіркелетін аурулардың үштігіне енген. Мамандар мұны таза ауыз судың тапшылығы мен санитарлық жағдайдың нашарлауымен байланыстырады. Әсіресе босқындар лагерьлерінде ауру тез таралып жатыр. Өйткені онда қоқыс көбейіп, жәндік пен кеміргіш саны артқан. Ал су инфрақұрылымының бүлінуі мен жанармай тапшылығы жағдайды одан әрі күрделендіріп отыр. Қазір Газа тұрғындарының 70 пайызы тасымалданатын суға тәуелді. Гуманитарлық ұйымдар нақты шаралар қабылданбаса, жұқпалы аурулардың таралуы жалғасатынын ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz