АҚШ пен Иран келісімге келгеннен кейін кейінгі 5 күнде Ормуз бұғазы арқылы 25 кеме өтті.
Олар парсы елінен жалпы құны 1 миллиард 44 миллион долларға жуық 18 миллион баррель шикі мұнай алып шыққан. Бұл туралы теңіз барлау қызметімен айналысатын "Таңкер Трекерз" компаниясы өз әлеуметтік желісінде хабарлады. Алдағы күндері тағы бірнеше танкер Ормуздан өтіп, Оман шығанағы арқылы халықаралық су жолдарына шығады. Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Иран мен АҚШ өзара түсініктік туралы меморандумға қол қойды. Мәмілеге сәйкес, Тегеран кемелердің өтуіне кедергі жасамайды, ал Вашингтон Иран айлақтарына қойылған теңіз тосқауылын алып тастады. Екі жақты бұл уағдаластық алдағы 60 күн бойы күшінде болады. Әрі қарай бітімге келудің екінші кезеңі өтпек.
Дональд Трамп, АҚШ Президенті:
"Біздің еліміз өте жақсы жұмыс істеп жатыр. Бұл кемелер бұрын-соңды ешкім көрмегендей Ормуз бұғазынан ағылып өтіп жатыр. Шын мәнінде олардың саны өте көп болды, шамамен 700. Мұнай енді барлық жерге жетеді. Мұнай да арзандайды. Компаниялар бұған қуанады деп сенемін. Бір апта ішінде біз Иранның бүкіл Әскери-теңіз күштерін, бүкіл Әскери-әуе күштерін, зымыранға қарсы қаруларын, радарларын жойдық. Иран енді 60 күнде түпкілікті келісім жасауы керек. Әйтпесе біз оларды бақытсыздыққа ұшыратамыз".
Тегтер #АҚШ Иран #Ормуз бұғазы #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz