Доминикан Республикасында шипажай отқа оранып, 1 адам ажал құшты.
Тағы 9-ы зардап шеккен. "Рейтердің" хабарлауынша, қайғылы оқиға Ла-Альтаграсия провинциясында болды. Көршілес тұрғын үйлерден 1700 адам қауіпсіз жаққа шұғыл көшірілген. Өрт танымал қонақ үйдің кіреберісінен басталып, лезде таралды. Бұған күшті жел мен шатырдың қамыстан салынуы себеп болған. Тілсіз жаумен күреске 15 техника тартылды. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Тегтер #доминикан #өрт оқиғасы #адам қаза тапты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz