RU
Толық нұсқаға өту

Қытай индий экспортына бақылауды күшейтеді

21.06.2026, 09:20 42

Қытай индий экспортына бақылауды күшейтеді. Бұл жасанды интеллектіні дамыту үшін аса қажетті сирек метал. 

Рейтердің хабарлауынша, былтыр ақпанда Бейжің индий фосфидін стратегиялық тауарлар тізіміне енгізіп, оны сыртқа тасымалдауды шектеген. Бұл әлем бойынша соңғы үлгідегі дата-орталықтарды құруға орасан зор кедергі келтірді. Солтүстікамерикалық ірі сатып алушылар кестеден жаңылғанын айтады. Айта кетейік, Қытай әлемдік индий нарығының 70 пайызына иелік етеді. Ол дисплейлер мен жылдамдығы жоғары оптикалық чиптерді өндіруде қолданылады. Пентагон бұл тапшылықты стратегиялық тұрғыда осалдық деп танып, АҚШ-та 400 тоннаға дейін жеке қор құруды ұсынды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz