RU
Толық нұсқаға өту

Францияда Музыка мерекесінде ішімдік ішуге шектеу қойылды

21.06.2026, 18:30 49

Францияда аптап ыстыққа байланысты қоғамдық орындарда ішімдік ішуге шектеу қойылды.

Бұл туралы премьер-министр Себастьян Лекорню мәлімдеді. Бүгін ел халқы Музыка мерекесін атап өтеді. Бұл күні Франция көшелерінде жыл сайын миллиондаған адам жиналады. Енді билік өкілдері ми қайнатар ыстықта спиртті сусындар ағзадағы сусыздану қаупін күшейтіп, дәрігерлер мен құтқару қызметтеріне түсетін жүктеме артады деп алаңдап отыр. Қазір елдің 35 өңірінде ауа райына байланысты ең жоғары – «қызыл» қауіп деңгейі жарияланған. Жаңа қаулыға сәйкес, мемлекет ұйымдастыратын іс-шараларда алкогольді сусын ұсынылмайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz