Ыстамбұлда әуежай бағытындағы метро пойызы рельстен шығып кетті.
Оқиға кезінде электр қуаты өшіп, вагон есіктері бірден ашылмаған. Кейін жолаушылар төтенше жағдай қызметкерлерінің көмегімен туннель арқылы қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Ыстамбұл губернаторының мәліметіне қарағанда, апат салдарынан үш адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға техникалық ақау себеп болған. Апаттан кейін метро қозғалысы уақытша тоқтатылғанымен қазір қатынас қайта қалыпқа келтірілді. Тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #Ыстамбұл #метро #апат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz