«Хезболла» басшысы Наим Қассем мәлімдеме жасады. Ол Израиль қанша жойқын шабуыл жасаса да, Ливанда қалмайтынын айтқан.
Наим Қассем, «Хезболла» басшысы:
- Израиль Ливанда қалмайды. Біз өзімізді өзіміз қорғаймыз. Атысты тоқтату туралы міндеттеме алдық. Бірақ оқ атпау режимі бұзылса, біз қайта күресеміз.
«Хезболла» зымырандарының 90%-ы жойылды құдыс
Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Хезболлада" 150 мың зымыран бар, біз оның 90 пайыздан астамын жойдық деп мәлімдеді.
Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:
- Біз "Хезболланың" 150 мың зымыранының 90 пайыздан астамын жойдық. Біз Газа мен Сирияда қауіпсіздік аймағын құрдық. Біз Израильдің қауіпсіздік доктринасын өзгерттік. Иә біз бірінші болып шабуылдаймыз. Бізді жойғысы келетін жауларға мүмкіндік бермес үшін біз оларға бірінші болып шабуыл жасаймыз. Ивритше "Оларды бірінші болып өлтір" деген сөз бар.
Тегтер #Хезболла #Израиль #Ливан #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz