RU
Толық нұсқаға өту
Фото: press.lv/ Франция. Париж

Еуропаны аптап ыстық шарпыды: Франция алкоголь сатуға шектеу қойды

22.06.2026, 09:56 54

Францияда  аптап ыстық 40 градусқа  жеткен. Қауіптіліктің ең жоғары – қызыл деңгейі Парижді қамтыған. Осыған байланысты  30-дан астам департамент қызыл қауіп деңгейін жариялады. Билік қоғамдық орындарда алкоголь ішуге шектеу қойып, кейбір фестивальдерді өткізбеуі мүмкін, деп хабарлайды  «24KZ».

dw.com таратқан ақпаратта, қатты ыстық салдарынан мектептердегі сабақтар тоқтатылып, ондаған пойыз рейсі кейінге қалдырылды. Париждегі саябақтар тұрғындар үшін түні бойы ашық болады.

Метеорологтар бұл ыстық толқынын маусым айы үшін «бұрын-соңды болмаған, тарихи әрі ерекше құбылыс» деп бағалады.

Билік өкілдерінің айтуынша, шектеулер төтенше жағдайлар қызметтері мен медицина қызметкерлерінің күшін ең осал тұрғындарға көмек көрсету үшін сақтап қалуға бағытталған.

Осындай аптап ыстық  Италия мен  Германияны да шарпыды. Температура кей өңірлерде 38–41 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Болонье, Брешии, Перудже, Флоренция мен  Туринде қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланды.

Франция синоптиктерінің болжамынша, аптап ыстықтың шарықтау шегі 26 маусым, жұма күні болады. Ауа температурасы 35 градусқа дейін, ал елдің батысы мен оңтүстігінде 38 градусқа дейін жетеді деп күтілуде. Одан кейін жаңбыр жауып, ауа райы біртіндеп салқындай бастайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz