Үндістанда кәсіпорындағы аммиактың ауаға таралуы салдарынан 7 адам қаза тауып, 40-тан астам тұрғын зардап шекті, деп хабарлайды «24KZ» БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында орналасқан теңіз өнімдерін өңдейтін кәсіпорында тіркелді. Апат кезінде зауытта 120 адам болған. Улы газдың таралуынан ондаған жұмысшы улану және тыныс алудың қиындауы белгілерімен ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды. Төтенше жағдай орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта апаттың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Үндістан #төтенше жағдай #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz