Швейцарияда өткен күрделі келіссөздердің алғашқы кезеңінде АҚШ пен Иран алдағы 60 күн ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізуге бағытталған жол картасын бекітті, деп хабарлайды «24KZ».
Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің аяқталғаны туралы ақпаратты келіссөздерге арағайындық жасап жүрген Қатар мен Пәкістан мәлімдеген.
Тараптар мұнай экспортына қойылған шектеулерді жеңілдету, бұғатталған активтерді босату, ядролық бағдарлама мәселесі және Ормұз бұғазы арқылы тасымалды қалпына келтіру сияқты маңызды тақырыптарды талқылады.
Келіссөзге АҚШ тарапынан вице-президент Джей Ди Вэнс қатысқан.
Иранның сыртқы істер министрі Abbas Araghchi әлеуметтік желіде Тегеран үшін маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін айтты. Ол, Иран мұнай және мұнай-химия өнімдерін экспорттауға салынған шектеулерді жеңілдетуді, бұғатталған қаржының бір бөлігін босатуды және елді қалпына келтіру бағдарламасын іске қосуды талап еткен.
Келіссөздер алдында тараптар арасында шиеленіс күшейгенімен, Вашингтон мен Тегеран диалогты жалғастыруға уағдаласты. Енді негізгі назар техникалық деңгейдегі кездесулерге аударылып отыр.
Әзірге түпкілікті келісім жасалған жоқ. Дегенмен алғашқы келіссөз раунды АҚШ пен Иран арасындағы байланыстың сақталғанын көрсетті.
Тегтер #Иран #АҚШ #Швейцария #Келіссөз #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz