RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

18 адамның өлі-тірісі белгісіз: Қатардың газ өңдейтін зауытында жарылыс болды 

22.06.2026, 14:45 70

Қатардың сұйытылған табиғи газ өңдеу зауытындағы жарылыстан 54 адам зардап шекті, тағы 18 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды «24KZ» Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

Оқиға Рас-Лаффан өнеркәсіп қалашығында болды. Ресми тұлғалар бұған дейін оқиға орнына келген азаматтық қорғаныс топтары ешқандай шығын туралы хабарламағанын мәлімдеген болатын.

Қатар Ішкі істер министрлігі жоғалған адамдарды іздеу және құтқару операциясын жүргізу үшін халықаралық іздеу-құтқару тобы жіберілгенін хабарлады.

Ведомство сонымен қатар жарылысқа «техникалық ақау» себеп болғанын мәлімдеді.

Өнеркәсіп орталығын басқаратын Qatar Energy компаниясы Барзандағы зауытта болған жарылыстан кейін төтенше жағдайларға жауап беру топтары дереу жіберіліп, өрт бақылауға алынғанын хабарлады.

Дохадан солтүстікке қарай шамамен 80 шақырым жерде орналасқан Рас-Лаффан өнеркәсіп қаласы – әлемдегі сұйытылған табиғи газ экспортының ең ірі орталығы.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz