Ұлыбритания Премьер-министрі Кир Стармер отставкаға кетті. Англия үкімет басшысы: "бұған халық арасында билеуші партия беделінің түсуі себеп", - дейді.
Өткен айда жергілікті өкілді органдарға сайлауда лейбористер жеңіске жете алмады. Бұдан бөлек, Кир Стармер билеуші партияны басқармайтынын жеткізді. Ұлыбритания үкіметін енді кім басқаратыны келесі айда белгілі болады. Премьер-министрді сайлау 9-ы мен 16-шілде аралығына белгіленіп отыр. Осыдан тура 10 жыл бұрын Лондон тарихи таңдау жасап, ЕуроОдақпен ат құйрығын кесіскен еді. 2016 жылы Брекситтен кейін Ұлыбритания үкімет басшысы осымен 7-ші рет ауысқалы отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ұлыбритания #Кир СтармерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz