Азияның жетекші қор нарықтары сауданы өсіммен аяқтады. Сауда қорытындысы бойынша Оңтүстік Кореяның KOSPI, Жапонияның Nikkei 225 және Shanghai Composite индекстері 1,5%-ға ұлғайды.
Ең жоғары өсім Тайваньның Taiex индексінде тіркелді. Ол шамамен 2,5 %-ға өсіп, тарихи рекордты жаңартты. Сарапшылар мұны Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің жалғасуымен байланыстырады. Сондай-ақ технологиялық секторға сұраныстың жоғары болуы мен чип өндіруші компаниялар акцияларының қымбаттауы да нарыққа оң әсер еткен.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #корея #саудаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz