Түркі мемлекеттері ұйымының жиынтық экономикасы әлем бойынша 11-орында тұр. Жалпы ішкі өнім көлемі 2,5 трлн долларға жуықтады.
Бүгінде экономиканы одан әрі дамыту үшін нақты қадамдар жасалып жатыр. Бұл жайында Алматыда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің XIX отырысында айтылды. Жиынға қоғам қайраткерлері қатысып, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Ұйымның қызметін жетілдіру бойынша пікір алмасты. Күн тәртібінде Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының, бейресми саммитінің қорытындылары да қаралды. Ақсақалдар кеңесі онда талқыланған экономика, цифрландыру, инновация, жасанды интеллект сияқты бағыттарға тоқталды. Сонымен қатар логистикалық байланыс, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыта түсудің қажеттігін атап өтті.
Кубанычбек Өмірәлиев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы:
- Дүниежүзінде мұндай ақсақалдар жиыны деген жоқ. Бәрі таңқалады. Біздің Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан Әзербайжан, Түрікменстан, Түркия бар, қайсы елден болсын олардың кеңестері бар, оны білесіздер. Ақсақалдар дайын кеңес береді. Бұл кеңестерді біз тараптарға, мемлекеттерге береміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #түркі елдері ұйымы #ақсақалдар кеңесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz