Францияда аптап салдарынан 18 адам көз жұмды.
Париждәі өз басында термометр бағаны 44 градустан асқан. Жұрт көлеңке, сая іздеп әлек. Туристер ауабаптағышы қосылған мұражайлардан шыққысы жоқ. Ұлттық Метеорология қызметі ыстықтың беті 26 маусымға дейін қайтпайды деп ескертті. Францияның батысы мен орталығындағы көптеген қалалар, оның ішінде Атлант жағасындағы Сен-Назер портты шаһарында өткен жексенбі мен дүйсенбіде температура 23 градустан асып, ең ыстық түн тіркелген. Сонымен қатар аптап Парижде ластануды күшейтететін озон қабатын түзіп, ауаның сапасын нашарлатты. Білім министрі жүздеген мектептің жабылғанын мәлімдеген. Медицина мамандары қатты ыстықта алкоголь ішудің өлімге әкелетінін ескертіп, қайта-қайта тікелей эфирден хабарлап жатыр.
Таня Касалегжио, лондондық турист:
"Өте ыстық. Әсіресе метрода жүргенде қиын. Терезелері өте кішкентай. Ауыз суға зар болып қалды. Дүкендерде су жоқ. Көптеген туристер әдейілеп мұражайларға барып жатыр. Өйткені онда күн сәулесі түспейді, онша ыстық емес, ауа баптағыш бар''.
Тегтер #Франция #аптап ыстық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz