Электромобильдер саудасының артуы мұнайға сұранысты төмендетеді.
2027 жылдың соңына қарай әлемдік мұнай тұтыну тәулігіне 320 мың баррельге қысқаруы ықтимал. Мұндай деректі Goldman Sachs сарапшылары келтіріп отыр. Мамыр айында электромобильдердің үлесі әлемдегі жеңіл автокөлік сатылымының 26 пайызына жеткен. Нарықта Қытай көш бастап тұр. Әлем бойынша сатылған электрокөліктердің 60 пайызы осы Қытайға тиесілі. Электр көліктерге әсіресе Азия мен Еуропада сұраныс жоғары. Сарапшылардың болжамына сүйенсек, 2035 жылға қарай әлемде сатылатын әрбір екінші автокөлік электромобиль болады.
Тегтер #электромобиль #мұнай #сұраныс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz