Шешенстан Республикасының Басшысы Рамзан Қадыров Хизир Дербичевтің отбасына көңіл айтып, бұл қайғылы оқиға көршілес республикалардың басын біріктіргенін атап өтті, деп хабарлайды "24KZ".
Бұл трагедия бір-бірін мүлдем танымайтын адамдардың басын қосты. Кішкентай кейіпкер көршілес республикалар халықтарының арасындағы ғажайып бауырластықтың себепкері әрі символына айналды, - деп жазды аймақ басшысы өзінің Telegram-арнасында.
Қадыровтың айтуынша, мұндай қиын сәттердегі өзара көмек пен қолдау халықтардың бірлігін дәлелдейді.
Бүгін біз бір-бірімізге көмектесуге ұмтылу, қайғы мен қуанышты бірге бөлісу арқылы бірлікте екенімізді дәлелдеп отырмыз, - деді ол.
Бұл оқиға - тек бір отбасының ғана емес, тұтас аймақтың үлкен қасіретіне айналды. Алайда, осы трагедияның артында қазіргі қоғам үшін өте маңызды әлеуметтік құбылыс жатыр. Сегіз күнге созылған іздеу операциясы мен одан кейінгі жаназа рәсімі ұлттық, діни немесе әкімшілік шекаралардың адамгершілік пен бауырмалдық алдында ешқандай рөл атқармайтынын көрсетті. Ингушетиядағы қайғы - Кавказ халықтарының ішкі бірлігі мен қиын сәттегі ынтымақтастығының шынайы көрсетті.
Тегтер #Хизир #Ингушетия #кавказ #Қадыров #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz