Ресейдің Свердлов облысында жойқын дауыл тұрып, 16 адам жараланды.
Күшті жел салдарынан Кушва, Новая Ляля қалалары мен басқа елді мекендер қатты зардап шеккен. Үйлердің шатыры құлап, талдар опырылып, электр желілері үзілді. Жүзге жуық ғимарат зақымданып, 5 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Билік табиғи апат салдарын жоюға 40-тан астам құтқарушы мен 15 техника жұмылдырды.
Тегтер #Ресей #дауыл #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz