Ресей Украинамен келіссөз жүргізуге дайын. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин үкімет мүшелерімен өткен кеңесте мәлімдеді.
Онда Ресей басшысы қақтығысты реттеу мәселесін талқылауға бұған дейінгі келіссөздер негіз деп санайтынын хабарлады. Бірақ бұл мәлімдемеге қатысты Киев әлі ресми жауап қатқан жоқ. Айта кетейік, тараптар 2022 жылы Ыстамбұлда қарулы қақтығысты тоқтату бойынша келісімнің ықтимал шарттарын талқылай бастаған еді. Ол кезде бірқатар мәселеге қатысты ілгерілеушілік байқалғанымен, қос ел делегациясы кей сұрақтарда ортақ шешімге келе алмаған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ресей #УкраинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz