Дәл қазір Еуропаңызда күн жанып тұр. Ыстықта әсіресе көшеде жүрген үй-күйсіз жандарға қиын. Сол себепті Мадридте арнайы орын ашылды. Онда баспанасыз адамдар жеңіл тамақтанып, салқында жан шақырады.
Шаһардың шұғыл әлеуметтік көмек қызметі мұндай көмекті үшінші жыл қатарынан қолға алып келеді. Қазір бұл жақта ауа температурасы 40 градустан асады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, кейінгі төрт жылда Еуропада ми қайнатар ыстықтан 200 мыңнан аса адам көз жұмған.
Тегтер #ыстық #Мадрид #Әлеуметтік көмек #Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz