АҚШ футболдан Әлем чемпионатына байланысты Иран құрамасы үшін елге кіру тәртібін уақытша жеңілдетті. Енді футболшылар АҚШ аумағына топтық кезеңдегі соңғы матчқа екі күн бұрын келе алады.
Иран құрамасы 26 маусымда Сиэтлде Мысыр командасымен кездеседі. Бұған дейін ойыншыларға елге матч басталардан бір тәулік бұрын ғана кіруге рұқсат берілген еді.
Еске салайық, биылғы футболдан Әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.
Тегтер #АҚШ #Иран #ереже #әлем чемпинонаты #матч #футболPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz