Кипрде Газа секторын қалпына келтіру бойынша Бейбітшілік кеңесінің кезекті жиыны өтеді.
"Зэ Таймс Оф Израиль" басылымы кездесуге Палестинаның уақытша үкіметі мен үйлестіруші орган өкілдері қатысатынын хабарлады. Қазір аймақтағы жағдай әлі күрделі. Тараптар кеңестің іс-қимыл стратегиясын қайта қарап, негізгі түйткілдердің бірі – ХАМАС ұйымын қарусыздандыру төңірегіндегі келіспеушіліктерді шешуге талпыныс жасайды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған ұйым Газаны қалпына келтіруге 17 миллиард АҚШ долларын бөлу туралы шешім қабылдаған. Арада алты ай өтсе де жаңа құрылымға тиісті қаржы бөлінбеген. Салдарынан жобалар жүзеге аспай отыр.
Тегтер #Кипр #Бейбітшілік кеңесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz