RU
Толық нұсқаға өту

Францияда аптап ыстықтан 70 мың тұрғын үй жарықсыз қалды

24.06.2026, 22:00 47

Францияның солтүстік-батысында аптап ыстықтан 70 мыңға жуық тұрғын үй жарықсыз қалды.

Бұған қосалқы стансалардың бірінде трансформатордың қызып кетуі себеп. Елдің көлік жүйесі де жоғары температураға төтеп бере алмай жатыр. Теміржол қозғалысы шектелді. Жолдардың бұзылуын болдырмау үшін пойыздардың жылдамдығы төмендетілді. Еске салайық, қазір Францияның 58 департаментінде қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланды. Мұнда термометр бағандары бірнеше күн қатарынан 35 градустан төмен түспей тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz