RU
Толық нұсқаға өту

Венесуэлада 7,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

25.06.2026, 07:51 42

Дүмпудің магнитудасы 7,5 балға жеткен. Зілзала Валенсия қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде тіркелген. 

Ошағы шамамен 13 шақырым тереңдікте орналасқан. Аталған қалада 1 жарым миллионнан аса адам тұрады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Билік тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге кірісті. Сейсмологтар жер сілкінісінің салдары ауыр болуы мүмкін деп отыр. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметіне сәйкес жер сілкінісінен келген экономикалық шығын Венесуэланың жалпы ішкі өнімінің 20 пайызына дейін жетуі мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz