Венесуэланың солтүстігі мен орталық бөлігінде жойқын жер сілкінісі болып, ел астанасы Каракаста тұрғын үйлер мен ғимараттар жаппай қирап жатыр. АҚШ Геологиялық қызметінің болжамы бойынша, табиғи апаттан қаза тапқандар саны 10 000-нан 100 000 адамға дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мен Reuters хабарлады, деп сілтеме жасайды «24KZ».

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен 24 маусым күні кешке таман болған. Алдымен магнитудасы 7,2-ге тең алғашқы соққы тіркелсе, араға бір минут толмай жатып магнитудасы 7,5 құрайтын екінші қуатты жер сілкінісі орын алған. Екі апаттың да эпицентрі Кариб теңізі жағалауындағы Морон қаласына жақын маңда (астана Каракастан 168 шақырым жерде), 10-13 шақырым тереңдікте орналасқан.
Осы оқиғаға байланысты Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес ел аумағында төтенше жағдай режимін жариялады. Сондай-ақ ол негізгі соққылардан кейін тағы 20-дан астам афтершок тіркелгенін және Каракас халықаралық әуежайының жабылғанын растады. Ел парламенті 25 маусымға жоспарланған отырысын тоқтатты.
Венесуэла Ішкі істер министрі Диосдадо Кабельоның мәлімдемесі:
Қазіргі уақытта өрт сөндіру қызметі мен полиция қолда бар барлық құралдармен апат салдарымен күресіп жатыр. Үйінділер астынан адамдарды іздеу-құтқару жұмыстары тоқтаусыз жүруде.
Әлеуметтік желілерде Каракас әуежайы мен Ла-Гуайра портындағы қирандылардың, тұрақсыз болып қалған ғимараттардан көшеге қашқан тұрғындардың видеолары тарап жатыр. Тұрғындардың көбі шок жағдайында. Венесуэла билігі құрбандардың нақты саны туралы әлі ресми мәлімет жариялаған жоқ.
Апаттан кейін АҚШ-тың Цунамиден сақтандыру орталығы Пуэрто-Рико, Виргин аралдары және Венесуэла жағалауындағы бірнеше аралдар үшін цунами қаупін жариялағанымен, бір сағаттан кейін бұл ескертуді қайта алып тастады. Визенуэладағы шет елдердің елшіліктері, соның ішінде РФ дипломатиялық өкілдігі ғимараттарының зақымдалмағанын және қызметкерлердің аман екенін хабарла
Тегтер #Венесуэла #Каракас #жер сілкінісі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz