RU
Толық нұсқаға өту

Эбола індетінен қаза тапқандар саны артты

25.06.2026, 09:34 50

Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен қаза тапқандар саны 290 адамға жетті. 

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Қауіпті індетті 1200 адам жұқтырған. Олардың 400-ден астамы ем қабылдап жатыр. Билік өкілдерінің айтуынша, індеттің таралуын жергілікті тұрғындардың карантинге қарсы наразылығы өршіте түскен.  Бірқатар қалада медициналық орталықтарға шабуыл жасалып, ауруханалар өртелген. Соның салдарынан кейбір науқастар емдеу мекемелерінен шығып кеткен. Билік эпедемиологиялық бақылауды күшейтіп, аурудың алдын алу мен емдеу шараларын барынша жетілдіруге барын салып әлек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz