RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Аптап ыстық Эйфель мұнарасы мен Луврдың жұмысын тоқтатты

25.06.2026, 10:01 48

Парижде аптап ыстықтың күшеюіне байланысты Эйфель мұнарасы мен Лувр әдеттегіден ерте жабылды, деп хабарлайды «24KZ» Euronews-ке сілтеме жасап. 

Франция мен Еуропаның көптеген өңірінде ауа температурасы қауіпті деңгейге жетіп, күнделікті тіршілікті қиындатып отыр. Аптап ыстық салдарынан мектептер жабылып, кейбір пойыз бағыттарының қозғалысы тоқтатылды.

Сақтық шаралары әлемдегі ең көп турист баратын нысандарда да күшейтіліп жатыр. Париждегі Эйфель мұнарасы аптап ыстыққа байланысты әдеттегіден ерте жабылып, бұл көптеген туристің көңілін қалдырды. АҚШ-тан келген турист Тамара Дансер мұнараға билетті екі ай бұрын алғанын, бірақ сапары соңғы сәтте тоқтатылғанын айтты.

Дегенмен кейбір саяхатшылар ыстық ауа райы олардың демалысына әсер етпейтінін айтады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz