RU
Толық нұсқаға өту

Германияда зейнетақы жүйесі реформаланады

25.06.2026, 10:26 51

Германияда жыл соңына дейін зейнетақы жүйесі реформаланады. Мұны Германия канцлері Фридрих Мерц растады.

Негізгі ұсыныстардың қатарында зейнет жасын біртіндеп ұлғайту, зейнетке мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін шектеу шаралары қарастырылған. Қазір ел азаматтары зейнетке 66-67 жаста шығады. Енді өмір сүру ұзақтығы артқан сайын зейнетке шығу жасы да ұлғая бермек. Нәтижесінде 2051 жылға қарай зейнет жасы 68-ге, ал ғасыр аяғына қарай 70-ке жетеді. Бұл өзгерістен бөлек капитал нарығы қорын құру жоспарланып отыр. Оған жыл сайын кемінде 30 млрд еуро зейнетақы жарналары бағытталады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz