RU
Толық нұсқаға өту

Израиль-Ливан келіссөзі нәтижесіз аяқталды

25.06.2026, 13:20 50

Вашингтонда өткен Израиль-Ливан келіссөздерінің екінші күні нәтижесіз аяқталды. 

Тараптар шабуылды тоқтату бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Израильдің Оңтүстік Ливаннан әскерін толық шығармауы басты түйткіл болып отыр. Бейрут Израиль бұл аймақтан әскерін біртіндеп алып кетуі керек деген пікірде. Ал Израиль Хезболланың шабуылдарын алға тартып, бұл талапты орындаудан бас тартып отыр. Дегенмен АҚШ Мемлекеттік Департаменті екі ел арасындағы келіссөздердің бесінші кезеңі күрделі өтіп жатқанына қарамастан, ілгерілеушілік барын айтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz