Барселона билігі круиз лайнерлерінің жолаушыларына арналған туристік салықты 3 есе көтеруді ұсынды. Ақы күніне 30 еуроға өсуі мүмкін.
Қазір саяхатшылар 12 сағаттан кем емес уақыт аялдағаны үшін 11 еуро төлейді. Қала әкімшілігі осындай шаралар арқылы туристердің шамадан тыс көлемін азайтуға ниетті. Өйткені кіріп шығатын қонақтар, шаһар тұрғындарына қолайсыздық тудырып, экономикаға пайда әкелмейді дейді,- жергілікті билік өкілдері. Қала кеңесі бұл ұсынысты қолдады. Бірақ түпкілікті шешімді Каталония парламенті қабылдауға тиіс.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Барселона #туризмPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz