Франциядан Венесуэлаға 85 құтқарушы аттанды. Олар Каракастың маңында болған екі жойқын жер сілкінісінен кейінгі іздеу-құтқару жұмыстарына жәрдемдеседі.
Табиғи апат салдарынан қаза болғандардың саны 900-ден асты. 200-ге жуық адам қиранды астында қалып қойған. Ал 50 мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен. Венесуэлаға сондай-ақ Мексика, Панама мен Коста-Рикадан құтқарушылар аттанып, дәрігерлер мен гуманитарлық көмек жіберілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Франция #ВенесуэлаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz